Бір команда - ортақ жеңіс!

III Charity Samruk Marathon

3 мамыр 2025 жыл
Астана қаласы, Ботаникалық саябақ

МАРАФОНҒА ДЕЙІН:
Days
Hours
Minutes
Seconds
Назар аударыңыз!
Сөрелік жинақтарды тарату 30 сәуір, 1, 2 мамыр аралығында «Самұрық-Қазына» ғимаратында сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Өзіңізбен бірге қолхат пен жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Сөрелік жинаққа қатысушы нөмірі, брендтелген футболка мен рюкзак, сондай-ақ @kipa.kz ұсынған 5000 теңгелік сертификат кіреді.
Марафон туралы
III Charity Samruk Marathon 
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы III CHARITY SAMRUK MARATHON шарасын ұсынады.
Бұл жай ғана жүгіру емес – бұл қайырымдылық пен адамгершіліктің белгісі, әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру тәсілі, қолдауға мұқтаж жандарға көмек қолын созу мүмкіндігі.
2023 жылдан бері біз CHARITY SAMRUK MARATHON шарасын өткізіп келеміз. Оның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін мектептерде оқи алуына жағдай жасау. Инклюзияны қолдау кабинеттері – Астана қаласындағы жүздеген бала үшін толыққанды өмір сүрудің бірден-бір жолы.
2024 жылы қайырымдылық марафонына 1200-ден астам адам қатысты, ал жиналған қаражат 127 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат есебінен 2024 жылы инклюзияны қолдайтын бес кабинет ашылды. Соның арқасында 150-ден астам ерекше бала күн сайын мектепке бара алатын мүмкіндікке ие болды. Биыл біз жаңа мақсаттар қойып отырмыз – CHARITY SAMRUK MARATHON 2025 аясында қатысушылар саны 3 000-нан асады, ал инклюзияны қолдау кабинеттері елордадағы 10 мектепте ашылады. Жақсылыққа бірге қадам басайық! Қайырымдылық марафонына қосылыңыз!
инклюзияны қолдау кабинеттері
Жаңа
демеушілер мен серіктестер
>20
жиналған қаражат
127 млн
қатысушы
>2 200
жүгіру жарысы
3
ӨТЕТІН ОРНЫ
III CHARITY SAMRUK MARATHON
Өтетін орны:
Астана қаласы, Ботаникалық саябақ

Қашықтықтар:
5 км, 10 км (бір айналым - 2,5 км)

Жас санаттары:
18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+

Бастапқы жинақтың құны:
10 000 теңге
СІЗДІ НЕ КҮТЕДІ?
  • Елорданың ең үздік саябағындағы жайлы жүгіру жағдайы
  • Жүгіруге арналған оңтайлы қашықтықтар
  • Ауқымды спорттық мерекенің ерекше атмосферасы
  • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы
  • Есте қаларлық жарқын сәттер
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мүмкіндігі
Маңызды!
Жарысқа қатысу үшін өзіңізбен бірге толтырылған қолхат болуы қажет.
Қатысу шарттары
Қатысуды жоспарлап отырсаңыз, осы ақпаратқа назар аударыңыз. Біз сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізді ойлаймыз.
  • Жас шектеуі
    Марафонға қатысу үшін сіздің жасыңыз 18 жастан кем болмауы керек.
  • Қолхат
    Жарысқа қатысу үшін толтырылған қолхатты көрсетуіңіз қажет.
  • Алкогольге тыйым
    Егер сіз жарысқа дейінгі бір күн ішінде алкоголь тұтынған болсаңыз, марафонға қатысуға рұқсат етілмейді.
  • Үгіт-насихатқа тыйым
    Марафон барысында кез келген үгіт-насихатқа, соның ішінде жалаулар, манифестациялар мен постерлерге тыйым салынады.
  • Қайтарымсыз төлем
    Егер сіз тіркеліп, бірақ марафонға қатыспайтын болсаңыз, төленген қаражат қайтарылмайды.
Қатысушылардың жиналу орны
Орын: Астана қаласы, Ботаникалық саябақ, старт/мәре нүктесі – Бұқар жырау көшесі жағындағы автотұрақ
Күні: 2025 жылы 3 мамыр
Уақыты: 7:30
III Charity Samruk Marathon-ды қолдаңыз!
Егер сіз жүгіруге қатыспасаңыз да, игі іске өз үлесіңізді қосуға мүмкіндік бар.
Кәсіптік қолдау кабинеттерін (КҚК) – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдап, аударым жасаңыз.

Сіздің қолдауыңыз – өте маңызды!

Аударымды төмендегі QR-кодтар арқылы жасай аласыз:
Kaspi Bank
Halyk Bank
Ұйымдастырушылар
БАҚ біз туралы
8 жастағы ерекше бала марафондарды бағындырды
Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда
Астанада қайырымдылық марафоны өтеді
Жақсылыққа қадам: Charity Samruk Marathon сізді күтеді!
Фонд Samruk-Kazyna Trust Қазақстанның “Ақ мерген” премиясына ие болды
Charity Samruk Marathon 2024 қайырымдылыққа 125 млн теңге жинады
Charity Samruk Marathon 2024 инклюзияны дамытуға ₸125 млн астам қаражат жинады
"Самұрық-Қазына" марафоннан түскен қаражатқа инклюзияны қолдау кабинеттерін іске қосады
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
Әлеуметтік серіктес
Бренд-серіктестер
Серіктестер
Қайырымдылық қатысушылары
Ақпараттық серіктестер
Біріңғай қайырымдылық операторы
АҚ «Самұрық-Қазына»
ҚФ «Samruk-Kazyna Trust»
Заңды және нақты мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй
БИН 100140012919
ИИК KZ64601A871004702811
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX
КБЕ 18
Байланыс: +7 (7172) 57 68 98
info@sk-trust.kz